(Дәуіттің насихат жыры.)
1 Әділетсіз істері кешірілген, Барлық күнәларынан ақталған Қандай бақытты әрбір жан!
2 Иеміз мойнына кінә артпайтын, Жан дүниесінде жалғандық болмайтын Қандай бақытты әрбір жан!
3 «Күнәмді айтқым келмеп еді, Сонда аяқ-қолым сырқырай берді, Ыңқылдап жүрдім күні бойы.
4 Себебі күні-түні Сенің қолың Зілдей боп үстімде жатты менің. Сол кезде жаздың аптабы семдірген Көк шөпке ұқсап солып қалдым мен.
5 Сонда алдыңда күнәмді мойындадым, Әділетсіздігімді енді жасырмадым. Жаратқанға кінәмді ашық айтам дедім, Сен сонда барлық күнәмді кешірдің.
6 Сондықтан Өзіңе адал жүрген жан Пәлеге тап болғанда, сиынсын Саған. Тіпті топан судай апат келгенмен, Ажалдан құтылады ол аман-есен.
7 Сен баспанамсың пәледен сақтайтын, Құтқарылғаныма қуана ән шырқаймын».
8 «Мен саған ақыл-кеңес беремін, Жүретін жолыңды көрсетемін. Сені таса қылмай көзімнен, Әрдайым жетелеп жүремін Мен.
9 Ақылсыз ат пен есектей қасарма, Ауыздық, жүген саласың оларға, Әйтпесе бағынбай жүрер олар да».
10 «Құдайсыз жан көп қасірет шегеді, Ал Жаратқанға сенімін артқан пендені Оның берік рақымы қоршай береді.
11 Иемізге қуаныңдар, әділдер, шаттаныңдар! Шын жүректен адалдар, қуана ән салыңдар!»
Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150