Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 76 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын Асафтың әні әрі жыры.)

1 Құдай танымал Яһуда елінде, Оның аты қастерлі Исраилде,

2 Тұрағы Оның Иерусалимде, Киелі үйі Сион төбесінде.

3 Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін, Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін.

4 Уа, Құдай, аңға толы таулардан гөрі Сен салтанаттысың әрі құдіретті.

5 Тоналды батыл жүректі ер адамдар, Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар, Қол көтере алмайды бізге қарсы олар.

6 Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы, Қатты дауыспен сөктің сол жауларды, Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды: Соғыс күймелері және аттары.

7 Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңда Кім тұра алар еді Сенің алдыңда?

8 Жердегі бейшара жандарды құтқаруға Сен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда,

9 Көктен үкім шығардың күнәкарларға, Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.

10 Пенденің ашуымен де даңқталасың, Оның қалған ашуын Өзің басасың.

11 Ей, айбатты Құдайдың маңындағылар, Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар, Әрі соларыңды мұқият орындаңдар, Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!

12 Ол әміршілердің батылдығын жояды, Жер патшаларының үрейін ұшырады.

Тараулар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150