Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 110 Тарау

жылдам өту:

(Дәуіттің жыры.)

1 Жаратқан Ие менің иеме былай деп айтқан: «Мен жауларыңды табаныңның астына Салып бергенімше отыр оң жағымда».

2 Жаратқан Сионнан билігіңді құрғызады сенің, Енді жауларыңа да үстемдік жүргізесің,

3 Сен патшалық құрған күні бағынады халқың. Туғаннан-ақ киелі салтанат жамыласың, Күн сайын таң ата жаңаратын шық сияқты, Сен де ұдайы жасара түсетін боласың.

4 Жаратқан былай деп ант берген еді, Онысын ешқашан да өзгертпейді: «Сен Мәліксадықтай діни қызметкерсің, Мәңгі сондай болып қала да бересің!»

5 Жаратқан Ие сенің оң жағыңда тұрады, Қаһарланған күні Ол патшаларды ұрады,

6 Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды, Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады.

7 Патша жолшыбай бұлақтан сусындап алады, Еңсесін көтеріп, жеңімпаз болып шығады.