Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 127 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.)

1 Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса, Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая. Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе, Қарауылшылар босқа тұрады күзетте.

2 Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар, Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар. Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына.

3 Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген, Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.

4 Адамның жас кезінде туған балалары Жебелері іспетті жауынгердің қолындағы,

5 «Қорамсақтарын» солармен толтырған Кісілер қандай бақытты болған, Қарсыластарымен биге барғанда Қалмайтын болады олар масқараға.