Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 95 Тарау

жылдам өту:

1 Келіңдер, Жаратқан Иеге арнап Әндетейік қуана-қуана жырлап, Жартастай мықты Құтқарушымызға Сиына берейік қатты дауыстап!

2 Бәріміз Иеміздің алдына барып, Ризашылығымызды білдірейік, Ән-күймен де Оған мақтау айтып, Даңқын Оның асыра берейік!

3 Себебі Жаратқан Ие — ұлы Құдай дағы Һәм ұлы Патша — бар «тәңір, пірден» тым жоғары!

4 Бәрі Оның қолында: жердің тұңғиықтары, Әрі меншігі Оның — зәулім тау шыңдары,

5 Теңіз де Иеміздікі — Өзі соны жаратқан, Құрлықтың барлығы да Оның қолынан шыққан!

6 Келіңдер, тағзым етейік Иемізге иіліп, Жаратушымыздың алдында тіземізді бүгіп!

7 Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз, Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымыз Әрі қамқорындағы отары сияқтымыз. Бүгін сендер Оның даусын естігенде,

8 Мерібада істегендерің секілді Қасарыстырмаңдар жүректеріңді: Ежелде айдалада жүрген кезде Масадағы бас көтергендерің іспетті Қайтадан солай істемеңдер енді!

9 Сендердің ата-бабаларың сол жерде Көріп жүрсе де керемет істерімді, Еркінсіп сынай берді төзімімді.

10 Бұл ұрпаққа қырық жыл ашуландым, Сонымен былай деп қорыттым: Жүрек қалаулары теріс бағыттағы Осы халық тағылымымды қабылдамады!

11 Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан: «Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған Елге кірмейді олар енді ешқашан!»