Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 124 Тарау

жылдам өту:

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

1 «Егер де Жаратқан жар болмағанда, — Деп Исраил мойындасын әр уақытта, —

2 Егер де Жаратқан жар болмағанда, Адамдар бізге шабуыл жасағанда,

3 Бізге қарсы қаһары жалындағанда, Олар бізді тірідей жұтар еді,

4 Су ағымындай басып тастар еді, Тасқын судай бізді тұншықтырар еді,

5 Буырқанған судай басып өтер еді».

6 Олардың тістеріне бізді қимаған Жаратқан Ие мадақталсын әрқашан!

7 Аңшының торынан құтылған құстаймыз: Тор жыртылды, енді міне, біз азатпыз!

8 Біз қолдау күтетін бірден-бір есіміміз — Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз!