Забур жырлары | Киелі кітапты онлайн - оқу және оқу
мәзір

Забур жырлары 62 Тарау

жылдам өту:

(Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Дәуіттің жыры.)

1 Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан,

2 Ол ғана — паналайтын жартасым, Құтқарушым әрі заңғар қорғаным, Енді қайтып қатты шайқалмаймын.

3 Қашанғы бас саласыңдар бір адамға? Теңселген дуал, қисайған қабырға Сияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?

4 Биіктен құлатуға жаулар жоспарлайды, Сол үшін өтіріктен де бас тартпайды, Ауыздарымен бата бергенсиді, Ал жүректерінде жамандық тілейді.

5 Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан, Үміт келеді маған тек қана Одан,

6 Ол ғана — паналайтын жартасым, Құтқарушым әрі заңғар қорғаным. Енді қайтып ешқашан шайқалмаймын.

7 Құтқарылуым, абыройым Құдайдан, Ол — мықты қорғаным әрі баспанам.

8 Халайық, лайым Оған сенім артыңдар, Ойларыңды Оған толық ашыңдар, Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар!

9 Адамзат атаулы шығарған деміңдей, Атақты, атақсыз бәрібір бекердей, Таразыға бәрін салып көргенде, Жеңіл олар шығарған деміңнен де.

10 Зорлықпен алып қоюға үміт артпа, Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба, Дәулетің молайса, соған сенім артпа!

11 Бірде Құдай маған былай деп айтты, Талай рет мен естігенмін мынаны: Құдіретті күш, о, Құдай, Сенікі.

12 Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың, Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың.